ҚЖО 2018

  • 21 / 06 / 2018
  • 168
ҚЖО 2018

Фотогалерея

Республикалық шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша, Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) басқарамасының шешімімен ҚЖО-ның 2018 жылғы сыйлығының лауреаттары болып 12 журналист және 1 шығармашылық ұйым атанды деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Ақиқат» журналында мемлекеттік тілдің дамуына қатысты актуалды мақалалар топтамасын жариялап тұрғаны үшін «Қаржы академиясы» АҚ Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және журналистика кафедрасының доценті Қуандық Шамахайұлы «Саяси шолу» номинациясы бойынша сыйлыққа ие болды.

Байқауға жолдаған материалдарға қойылатын басты талап – тақырыптар объективті, жан-жақты, терең зерттелуі керек және проблеманы креативті, соны тұрғыдан ашу қажет, сондай-ақ проблема маңыздылығын жоғалтпай тұрғанда дер кезінде көтерілуі керек. Өзекті тақырыпқа арналған мақалалар топтамасы басымдыққа ие болған. Доцент Қ. Шамахайұлының мақалалары аталмыш талаптарға сай келгендіктен қазылар алқасы бір дауыстан қолдау көрсеткен. Қаржы Академиясынан атынан шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктерге жетіуне тілектеспіз!

Назад