• Главная
  • /
  • Новости
  • /
  • Жастар, ғылым және инновациялар қоғамдық сананы жаңғырту процесінде
  • Жастар, ғылым және инновациялар қоғамдық сананы жаңғырту процесінде

    • 02 / 11 / 2018
    • 23

    «Қаржы академиясы» АҚ

    «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және журналистика» кафедрасы

     

    АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

    Құрметті әріптестер!

    «Қаржы академиясы» АҚ «ЖАСТАР, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР  ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ПРОЦЕСІНДЕ» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция өткізуді жоспарлап отыр («Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында).

    «Қаржы академиясы» АҚ 10 жылдық мерейтойына арналған осы конференция бағдарламасының мазмұнына сай төмендегі өзекті мәселелер көпшілік талқысына салынбақшы:

    1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев және қазақстандық жаңғырту моделі жаңа жаһандық  болмыстар мен үдерістер аясында.
    2. «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының негізгі бағыттары аясындағы Ғылым және білімнің өзекті мәселелері.

    3. Қазақстанның тарихи  - философиялық және құқықтық мәселелері. Қоғамдық сананы жаңғырту.

    4. Әлеуметтік жаңғырту жағдайындағы стратегиялық басымдықтар және Қазақстанның экономикалық мүдделерін қорғау тетіктері.

    5. Ғылым, білім және практикада ақпараттық технологиялардың даму келешегі. «Цифрлық Қазақстан -2020»мемлекеттік бағдарламасы.

    6. Рухани жаңғыру жағдайында көптілділік білім беру мәселелерін жүзеге асыру процесінің өзектілігі.

    7. Ұлттың рухани жаңғыруындағы жастардың рөлі.

    Конференция 2018 жылы 7 желтоқсанда сағат 10.00-де І.Есенберлин көшесі 25, № 1 ғимарат, акт залы.

    Конференция жұмыстарына қатысу үшін жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ғылыми жетекшілерімен бірлескен авторлықтастуденттер, мектеп оқушылары шақырылады.

    Конференцияның жұмыс  тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

    Конференцияға қатысу үшін өтінімдер мен баяндама тезистері ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына 2018 жылдың 26 қарашасына дейін қабылданады.

    Өтінм формасы:

    1. Тегі, аты-жөні (толық)

    2. Оқу орны (Мекеменің толық атауы), егер баяндама бірлескен авторлықпен орындалса, ғылыми жетекшінің тегін, аты-жөнін көрсету

    3. Байланыс телефоны, e-mail

    4. Секция атауы

    5. Баяндама тақырыбының атауы

    6. Қатысу түрі: іштей немесе сырттай

    Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: шрифт: Microsoft WORD 1997-2003, 2007, 2010. Мақала көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Times New Roman (Times New Roman KZ), өлшемі – 14. Беттің төрт жағынан бөлінісі: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см, жоғары және төменгі жағы - 2 см, интервал – 1. Мақала тақырыбы бас әріптермен және қалың әріптермен жазылады. Мақала мәтіні 1 интервалдан кейін беріледі. Тақырыптың оң жақ жоғарғы жағында автордың тегі, инициалы (қалың, курсивті әріптермен) оның астына оқу орны  көрсетіледі.

    Әдебиеттер тізімі мақала соңында жұмыста қолданылған тәртіпке сәйкес көрсетілуі тиіс. Мәтін ішіндегі сілтемелер «тік жақша» ішінде осы жұмыста қолданылған әдебиеттер тізімінің нөмірлеріне сәйкес қойылады. Дәйек сөздерді қолдану барысында қолданылған дерек көздерінің парақтарын міндетті түрде көрсету қажет, мысалы: [1, б. 138], сондай-ақ интернет материалдары қолданылған жағдайда дереккөз сілтемелері жасалады.

    Мақала және өтінімдерді поштаға жіберу кезінде қатысушының тегі мен аты-жөні файлдың атауы ретінде жазылады.

    Материалды жариялау- тегін

    Жол және баспана шығыны қатысушының өз қаражаты есебінен төленеді.

    Конференция қорытындысы бойынша электронды материалдар жинағын шығару және қатысушыға электронды сертификат беру жоспарлануда. Бағдарлама жасауда және конференция жинағын құрастыруда өз еркімен баяндамаларды  іріктеуге ұйымдастыру комитеті құқылы.

     

    Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 010005, Қазақстан, Астана,

    Ш.Уәлиханов көшесі 11, 31-каб., «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және журналистика»  кафедрасы.

     

    Конференцияның жауапты хатшысы  – Какимжанова Нургуль Тукеновна.

    Ұялы телефон  8701- 327-20-66

     

    E-mail: socialsciences@bk.ru

    Назад