• Басты
  • /
  • Жаңалықтар
  • /
  • "Қаржы академиясы" АҚ Нұр-Сұлтан қ. профессор-оқытушылық құрамының және жоғары білім берудің оқу үдерісі басшыларының келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды
  • "Қаржы академиясы" АҚ Нұр-Сұлтан қ. профессор-оқытушылық құрамының және жоғары білім берудің оқу үдерісі басшыларының келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды

    • 22 / 08 / 2019
    • 82

    "Қаржы академиясы" АҚ Нұр-Сұлтан қ.

    профессор-оқытушылық құрамының және жоғары білім берудің оқу үдерісі басшыларының келесі бос лауазымдарына конкурс жариялайды:

     

    1.      Ректор – 1;

    2.      Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор – 1;

    3.      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы – 1;

    4.      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканының орынбасары – 1;

    5.      Кафедра меңгерушілері: «Қаржы және кеден ісі» - 1, «Есеп және аудит» - 1, «Экономика және менеджмент» -1, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және журналистика» - 1, «Ақпараттық технологиялар» - 1;

    6.      Кафедра профессорлары: «Ақпараттық технологиялар» - 3, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және журналистика» - 3, «Қаржы және кеден ісі» - 4, «Экономика және менеджмент» - 3, «Есеп және аудит» - 3;

    7.      Кафедра доценттері: «Ақпараттық технологиялар» - 4, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және журналистика» - 4, «Экономика және менеджмент» - 5, «Есеп және аудит» - 2 , «Қаржы және кеден ісі» - 1;

    8.      Кафедра аға оқытушылары: «Қаржы және кеден ісі» - 5, «Есеп және аудит» - 2, «Ақпараттық технологиялар» - 4, «Экономика және менеджмент» - 6, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және журналистика» - 1.

    9.      Кафедра оқытушылары: «Ақпараттық технологиялар» - 3, «Қаржы және кеден ісі» - 3, «Есеп және аудит» - 1, «Экономика және менеджмент» - 2, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және журналистика» - 2.

             Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қ., Есенберлин к-сі, 25, каб. 112 (1 қабат), тел. 8 (7172) 38-13-75, 38-12-80 сайты: www.fin-academy.kz

              Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні мен уақыты: 2019 жылдың 26 тамызы, 18:00 с.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар өтініш береді (еркін нысанда), өтінішке www.fin-academy.kz сайтында көрсетілген тізбеге және біліктілік сипаттамаларына сәйкес құжаттар қоса беріледі.

     

    Бос лауазымдарға арналған конкурсқа қатысу үшін өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі:

    1) кадр есебі бойынша жеке іс-парағы;

    2) өмірбаян;

    3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

    4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

    5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса);

    6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086 нысандағы медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

    7) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

    8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

    9) № 272 бұйрығымен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    10) профессор-оқытушылық құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысының жобасының презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды).

    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

    Артқа қарай