• Басты
  • /
  • Академия
  • /
  • Хабарландырулар
  • /
  • Құрметті талапкерлер және ата-аналар! Қаржы академиясына қош келдіңіздер!
  • Құрметті талапкерлер және ата-аналар! Қаржы академиясына қош келдіңіздер!

    • 25 / 07 / 2018
    • 534

    Дұрыс шешім – 191 коды!

    Құрметті талапкерлер және ата-аналар!
    Қаржы академиясына қош келдіңіздер!

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы академиясы – еліміздегі қаржы саласындағы бірден-бір бейіндік мемлекеттік жоғары оқу орны. Бүгінгі академия – колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура – білімнің барлық деңгейі бойынша оқудың толық циклі. Біздің Академия болашақта елімізде және бірыңғай Еуразия еңбек нарығында сұранысқа ие, халықаралық стандарттарға сәйкес салалар бойынша мемлекеттік және жекеменшік қаржы-экономикалық сектордың жаңа мамандар буынын даярлайды:

    • қаржы
    • есеп және аудит
    • менеджмент
    • кеден және салық ісі
    • ақпараттық технологиялар
    • қаржылық талдау
    • мемлекеттік сатып алу.

    Бүгінгі таңда Біз Академияның студенттерге тұрғылықты елде ғана емес, сонымен қатар халықаралық білім үрдісіне интеграциялану және білім алуға уақытын қысқарта отырып қос диплом және білім алуға жаңа талаптар мен мүмкіндіктер жасайды. Интеграцияланған халықаралық білім беру процесі академиялық ұтқырлық және қос дипломдық бағдарлама, тәжірибе және ғылыми-зерттеу қызметі арқылы шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту арқылы, сондай-ақ бірлескен әзірленген арнайы бағдарламалар мен пәндер бойынша оқыту арқылы жүзеге асырылады.

    Біздің серіктестер — Еуразия экономикалық одағының, Еуропа және Азияның жетекші жоғары оқу орындары. Соның ішінде Великобритания, Оңтүстік Корея, Қытай, Чехия Болгария елдерінің және Ресей Федерациясы жоғары оқу орындары – Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатнастар институты, Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті.

    Біздің Академияны таңдаудың маңызды факторы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қолдауы арқасыда гранттар және стипендия алу мүмкіндігі, сонымен қатар әскери лауазым мен әскери атақ алу мақсатында әскери кафедраның болуы табылады. Басқа қаладан келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.

    Біздің оқу корпустары Астана қаласында орналасқан және студенттердің Отанымыздың астанасының мәдени және қоғамдық өміріне қатысу мүмкіндігі бар.

    Біз сіздерге үздік білім алуға көмектесеміз. Дұрыс шешім қабылда! Дұрс шешім - 191 коды!

    2018-2019 оқу жылына қабылдау комиссиясының жұмыс істеу аралығы.
    КОЛЛЕДЖ: 20 маусымнан – 20 тамызға дейін;
    БАКАЛАВРИАТ: 20 маусымнан – 25 тамызға дейін;
    МАГИСТРАТУРА: 3 шілдеден – 31 шілдеге дейін;
    ДОКТОРАНТУРА: 3 шілдеден – 31 шілдеге дейін.

    Қабылдау комиссиясының телефоны: +7 7172 48 63 47; +7 701 527 09 26 Ахметбекова Зоя Давлетовна, Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы
    Мекен-жайы: Астана қ., Уәлиханов к-сі, 11 үй / Есенберлин к-сі, 25 үй
    Email: admission@fin-academy.kz
    Сайт: https://fin-academy.kz/
    Instagram: finacademy.kz
    Facebook: @finacademy.kz

    Президент Н.Коржова

    Артқа қарай